Ш.Ж.Тастенова

ДЕПОЗИТТІ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ?

(«Казахстанская правда» газеті, 15.12.2006ж.)

Ш.Ж.Тастенова

(Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Қаржы ұйымдарын тарату департаменті Тарату рәсімдерін ұйымдастыру басқармасының бас маманы)

Банктерді тарату практикасы мынаны көрсетіп отыр, олардың кредиторлары,атап айтқанда жеке тұлға болып табылатын салымшылар бұл жағдайда қайда және кімге барып өтініш білдіруді барлық уақытта біле бермейді. Мүмкін банк ерікті немесе мәжбүрлеу тәртібімен таратылған болар. Ерікті түрде болса – банк уәкілетті органның рұқсаты болған жа Ш.Ж.Тастеновағдайда оның акционерлерінің шешімімен таратылады. Ал банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда шешімді сот қабылдайды.

Салымшылар мынаны білуі тиіс, банк ерікті түрде таратылу туралы шешім қабылдаған кезде ҚҚА оған келісімді егер банк өз кредиторларының талаптарын толық көлемде қанағаттандыратындығын міндетіне алған жағдайда ғана келісім береді. Оның ішінде салымшылар рұқсат беру туралы өтінішке қоса берілетін баланстық есеппен расталып отырғандай, барлық есеп айырысуларды жүргізу үшін қаражаттың жеткілікті екендігін куәландырып отыр. Сондықтан банк ерікті таратылған жағдайда негізгі борышты және толық көлемде есептелген пайызды салымшылар алады.

Банк Ш.Ж.Тастенова мәжбүрлеп таратылған кезде оның таратылуының басы сот шешімінің заңды күшіне енген күні болып табылады. Қазақстандағы депозиторлардың мүдделерін қорғау мақсатында 1999 жылдан бастап жүйеге қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істейді. Кепіл иесі болып «Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ болып табылады. 2006 жылғы шілдеде қолданысқа 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап енген «ҚР екінші деңгейдегі банктерінде орналасқан депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заң қабылданды. Соған байланысты қор есептелмеген сыйлы Ш.Ж.Тастеновақақысыз депозит сомасы мөлшеріндегі өтеу төлемін жүзеге асырады, бірақ ол жеті жүз мың теңгеден аспауы керек. 2007 жылғы 1 қаңтарға дейін бұл өтеу төрт жүз мың теңге болады.

Салымшы мынаны білуі қажет, егер оның таратылатын банкте депозит түрлері және валютасы бойынша ерекшеленетін бірнеше депозиттері бар болса, қор ол бойынша жеті жүз мың теңгеден аспайтын жиынтық соманы төлейді.

Қор мәжбүрлеп таратылатын банк туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде салымшыларды Ш.Ж.Тастенова БАҚ арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде агент-банктің атауын, төлем жасау кезеңі мен орнын, өтем жасау төлемдерінің басталғандығы туралы хабардар етеді.



Салымшы кепілдік берілген өтем төлемдерін төлеудің басталғандығы туралы хабарландыру шыққан күннен бастап алты ай ішінде өтеуге төлем жасау туралы агент-банкке өтініш білдіруіне болады. Осы мерзім өтіп кеткеннен кейін ол өтеуді алу үшін тікелей Қорға өтініш жасауға құқылы. Сонымен қатар банктің таратылуы жөнінде әділет органдарында тіркелген күннен бастап бір жыл өткеннен кейін кепілдік берілген өтем төлемдерін төлеуді тоқтатады Ш.Ж.Тастенова, бірақ бұл мерзім қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату жөніндегі сот шешімі заңды күшіне енгеннен күннен кейінгі бес жылдан аспауы тиіс.

Банкті мәжбүрлеп таратуды ҚҚА тағайындайтын тарату комиссиясы жүзеге асырады.

Тарату комиссиясы тарату рәсімдерінде таратылатын банктің атынан іс-қимыл жасайды және оның істерін аяқтау, оның ішінде кредиторлармен және акционерлермен есеп айырысуды қамтамасыз шараларын қабылдайды.

Егер кепілдік берілген өтем төлемдерін төлеу салымшының талаптарын толық қанағаттандыруға жетпейтін болса, Қор оны төлегеннен кейін салымшы тарату комиссиясына талап етуді растайтын құжаттарды қоса беріп, жазбаша талап-ша Ш.Ж.Тастеновағым ұсынады. Талап-шағым мерзімі БАҚ-та банкті тарату туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап есептеледі және екі айдан кем емес уақыт аралығында болады.

Егер салымшының талабы берілсе және және оны тарату комиссиясы талап-шағым мерзімі өткеннен кейін, бірақ тарату балансы бекітілгенге дейін таныған болса, онда салымшымен есеп айырысу банктің қалған мүлкі есебінен жүзеге асырылады.

Тарату комиссиясы салымшының талап-шағымын егер банк пен салымшы арасында жасалған шартта өзгесі айтылмаған болса, онда екі апталық мерзім ішінде қарайды. Егер тарату комиссиясы салымшының талаптарын қанағаттандырудан Ш.Ж.Тастенова бас тартса не оны қараудан жалтаратын болса, онда ол банктің тарату балансы бекігенге дейін тарату комиссиясына деген талап-шағымымен сотқа шағым жасай алады. Талап-шағым сот шешімі бойынша қанағаттандырылған жағдайда салымшы талабы банктің қалған мүлкі есебінен өтелуі мүмкін.

Бұдан әрі қарай тарату комиссиясы айлық мерзім ішінде аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін жасайды.

Жеке тұлғалардың депозиттер және ақша аударымдары бойынша, ЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қамтылған қаражат есебінен жүзеге Ш.Ж.Тастенова асырылған сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша талаптары төртінші кезек бойынша қанағаттандырылады.

Таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандыру сегіз кезекті көздейді. Бірінші кезекте банк олардың алдында өміріне немесе денсаулығына зиян келтірмеу жауапкершілігі бойынша жеке тұлғалардың талаптары қанағаттандырылады. Екінші кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс істеген тұлғаларға еңбекақы және өтемақы төлеу жөніндегі есеп айырысу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жасау жөніндегі берешектерді, жалақыдан алименттерді және міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйлықақылар Ш.Ж.Тастенова төлеу жөніндегі есеп айырысулар жүргізіледі. Үшінші кезекте – міндетті кепілдік берілген депозиттерді жүзеге асыратын ұйымдардың оған кепілдік берілген депозиттерге оның төлейтін сомасы бойынша талаптары қанағаттандырылады.

Аралық тарату балансы және кредиторлардың талап ету тізілімін тарату комиссиясы ҚҚА бекітуге береді. Барлық есептер тек бекітілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Салымшылармен есеп айырысулар банктің - меншікті мүлкінен, заңды және жеке тұлғалар алған заемдардан тұратын тарату массасынан жүзеге асырылады.

Кредиторлардың әрбір кезегімен есеп айырысу кредиторлың осының алдындағы кезегімен есеп айырысқаннан кейін жасалады. Салымшының талабы оның келісімі арқылы ақшалай Ш.Ж.Тастенова нысанда, сондай-ақ мүлік арқылы да қанағаттандырылуы мүмкін. Тарату комиссиясы есеп айырысу мүмкін болмаған жағдайда, төленбеген соманы нотариустың депозитіне аударым жасауына болады, ал ол салымшыны жарнаның түскендігі туралы хабардар етіп отырады. Және нотариус салымшының өтініші бойынша тиесілі ақшаны береді.

Таратылатын банктің мүлкінің жеткіліксіздігіне байланысты кредиторлардың талап-шағымдарының қанағаттандырылмауы, сондай-ақ тарату балансы бекітілгенге дейінгі берілмеген өтініштер өтелген болып есептеледі. Тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын танымаған және ол кредиторлардың талаптар тізіліміне енгізілмеген болса ондай талаптар да өтелді деп есептеледі. Егер кредитор оны кредиторлардың талаптар тізіліміне Ш.Ж.Тастенова енгізу туралы сотқа талап-шағым беріп, және сот оны қанағаттандырудан бас тартса, сондай-ақ олар да өтелген деп есептеледі.

Банкті тарату кезінде кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуы арқылы шешімдер қабылдау мақсатында тарату комиссиясының ұсынысы бойынша құрамын ҚҚА бекітетін кредиторлар комитеті құрылады. Банк салымшылары осы комитет арқылы тарату барысына қатысуға мүмкіндік алады. Кредиторлардың талаптар тізілімі құрамына әрбір кезектен бір өкіл қосу тәртібімен мейлінше талап ету сомасы жоғары кредиторлар енгізіледі. Қалған кредиторлар кеңестік дауыс алу құқығымен комитет мәжілісіне қатыса Ш.Ж.Тастенова алады.

Кредиторлар комитетінің кез-келген тарату рәсімдерін жасау кезінде қатысу құқығы болатын өз мүшелері қатарынан кредиторлар өкілдерін сайлау, банкті тарату процесін құрайтын барлық құжаттармен танысу, тарату комиссиясынан банктің қаржылық жай-күйі туралы ақпарат талап ету өкілеттігі бар. Кредиторлар комитеті өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін олардың арыздарын қарай отырып қорғауға, өзге де мәселелерді, тіпті тарату комиссиясының іс-қимылдары бойынша сотқа және ҚҚА-не шағымдану мүмкіндіктері бар.

Сөйтіп, тарату барысында салымшы жеке тұлғалар өз ақшаларын кепілдік берілген салымдар бойынша Қор арқылы, сондай-а Ш.Ж.Тастеновақ олардың талаптары бойынша өтелмеген сома бойынша тарату масасы арқылы қанағаттандыру жөніндегі талап-шағымдарымен тарату комиссиясына өтініш білдіру жолымен қайтарып ала алады.


documentapgavlx.html
documentapgbcwf.html
documentapgbkgn.html
documentapgbrqv.html
documentapgbzbd.html
Документ Ш.Ж.Тастенова